ҚМГ басқарма төрағасы Мыңбаевта 30 орынбасар болды дегенді теріске шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың 30 орынбасары бар деген ақпаратты теріске шығарды. ҚМГ баспасөз қызметінің деректеріне сәйкес оның тікелей қарамағында түрлі бағыт бойынша төрт атқарушы вице-президент, аға вице-президент, 4 вице-президент бар.

Сондай-ақ Мыңбаевқа инвестициялар мен тәуекелдерді басқару құрылымдық бөлімшесі мен қауіпсіздік қызметінің құрылымдық бөлімшесі бағынады.

 1. Мұнайды өндіру, барлау және мұнай сервистері бойынша атқарушы вице-президент (Басқарма мүшесі);

2.  Тасымалдау, Қайта өңдеу және Маркетинг бойынша атқарушы вице-президент (Басқарма мүшесі);   

3.   Газды тасымалдау және Маркетинг бойынша атқарушы вице-президент (Басқарма мүшесі);

 4. Қаржы бойынша атқарушы вице-президент - қаржы директоры (Басқарма мүшесі);

5. Трансформация бойынша аға вице-президент (Басқарма мүшесі);

6.   Құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президент (Басқарма мүшесі);

7.   Адам ресурстарын басқару бойынша вице-президент (Басқарма мүшесі);

8.   Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау вице-президенті;

9.   Стратегия бойынша вице-президент;

 10.  Инвестицияларды және тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімше;

11.   Қауіпсіздік қызметінің құрылымдық бөлімшесі. «Оның 7 басшысы - Басқарма мүшелері».

ТМД үшін дәстүрлі номенклатураға сәйкес жоғарыда көрсетілген лауазымдарды қараса,  ҚМГ Басқармасы төрағасында: 4 орынбасар - бұл 4 атқарушы вице-президент, қалғаны - басқарушы директорлар - вице-президенттер деңгейіне сәйкес келеді», - деп түсіндірді «ҚМГ» ҰК баспасөз қызметінде. Тұтастай, компанияда топ бойынша 89 мыңнан астам адам жұмыс істейді.