Кеңеске ҚМГ басқарма төрағасының орынбасары Дәулетжан Хасанов, ҚМГ аппаратының басшысы Ерхан Омаров, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Ak Su KMG» ЖШС мен «Caspi Bitum» ЖШС басшылары қатысты.
Мағзұм Мырзағалиев өндірістегі негізгі көрсеткіштер, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мәселелері туралы баяндаған кәсіпорын басшыларының есебін тыңдады.
ҚМГ басшысы жұмысшыларға қолдау көрсету мен қажетті жағдай жасаудың, еңбек дауларын болдырмау үшін уақтылы тиісті шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша М. Мырзағалиев кәсіпорындардың үздіксіз жұмысын, 2023 жылға арналған өндірістік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.