ҚМГ БӨ-нің Директорлар кеңесі мамыр айында акционерлердің біржылдық жалпы жиналысын шақыруға шешім қабылдады

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның Директорлар кеңесі 2011 жылдың 5 мамырында акционерлердің біржылдық жалпы жиналысын шақыру шешімін қабылдады.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Күн тәрбітіне келесі негізгі мәселелер енгізілді: қаржы есебі мен 2010 жылдың есебін бекіту; 2010 жылғы компанияның таза табысын бөлу тәртібін және компанияның бір қарапайым және артықшылықты акциясына есептегенде дивидендтің көлемін анықтау; ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің 2010 жылғы жұмысына баға беру», - делінген таратылған хабарламада.

Директорлар кеңесі акционерлерлер кеңесіне 2010 жылдың қорытындысы бойынша берілетін ҚМГ БӨ-нің бір қарапайым және бір артықшылықты акциясының дивиденд көлемін ұсынды. Акционерлер кеңесі оң шешім қабылдаған жағдайда, бір қарапайым және бір артықшылықты акцияның дивиденті 800 теңгені (ҚР заңнамасына сәйкес ұсталатын салықтарды қоса есептегенде) құрайтын болады. 2010 жыл ішіндегі дивидендтің жалпы сомасы 57 млрд. теңгені (389 млн. АҚШ доллары шамасында) құрамақ.

Акция үшін берілетін дивиденд көлемі оның алдыңғы жылғы көрсеткіштен 13,6 пайызға көп және 2006 жылғы IPO кезеңінен ең ірі болып табылады. Онымен бір мезгілде Директорлар кеңесі, болашақта даму жобаларын қаржыландыру үшін қаражаттардың басым бөлігін компанияда қалдыру қажет деп есептейді.