ҚМГ мұнай өнімдері жанармай құю стансаларына дейін 5 рет тексеріледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» брендімен сатылатын отынның сапасы шығарушы зауыттан қабылдаудан бастап бөлшек сатуға дейін - барлық кезеңдерде жіті тексеріледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Астанада өткізген семинар-кеңесінде айтылды.

Компания кеңсесінде жиналысты аша отырып, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС трансформация жөніндегі Бас директордың бірінші орынбасары Ғазиз Қошанов былай деп атап өтті: «Мұнай өнімдерінің сапасы - бұл оның бағасы сияқты, сондай қиын мәселе болып табылатын шығар. Біз ашық компания ретінде осыны түсіне отырып, тікелей өнеркәсіптік объектілерімізде біздің сапаның толассыз бақылау жүйесінің жұмысын көрсетуге дайынбыз».

Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің, «Әділет» тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының, ірі автодилерлік желілердің шақырылған өкілдері «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС мұнай базасын аралады, компанияның үш сынақ зертханаларының бірінің жұмысымен, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттеріне отынды қабылдау рәсімдерімен танысты.

Мұнай базасының менеджері Сүлеймен Сүйіншәлинов кеңес қатысушылары үшін қысқа экскурсияны өткізе отырып, былай деді: базаға келіп түсетін мұнай өнімдері ең аз дегенде 4 тексеруден өтеді - теміржол цистерналары келген кезде төрт көрсеткіш бойынша экспресс-сынақтар өткізіледі, екі сағат тұрғаннан кейін 19 өлшемшарт бойынша толық талдау жүргізіледі. Резервуарларда сақтау кезінде айына ай сайын тексеруден өтеді және жанармай құю бекеттеріне жіберу алдында отын сапасы тағы бір рет тексеріледі. Оның айтуынша автоцистерна сынақ зертханасының рұқсатынсыз орнынан қозғалмайды.

«Астана қаласының сынақ зертханасы» филиалының директоры Ақылбек Ахметжанов Астанадағы зертхана - серіктестіктің аккредитациядан өткен үш зертхананың бірі деп атап өтті. «Біздің зертханаларымыздың сынақ хаттамалары Кеден одағының аумағында өзекті болып табылады. Зертханалар дизель отыны, сондай-ақ бензин тобы бойынша да мемлекеттік стандарттар мен нормативтерде көзделген барлық сынақтар топтамасын өткізеді», деді ол.

Зертханалардың құрал-жабдығы - қазіргі заман талаптарына сай. Айталық, Астана, Алматы және Атырауда ең нақты октан санын айқындайтын УИТ-85 қондырғысы бар. Ахметжановтың айтуы бойынша, Қазақстанда мемлекеттік органдар осы қондырғының көрсеткіштерін ғана мойындайды: «Ешбір тест-жолақтар немесе басқа да экспресс-талдаулар нақты баға бермейді» - деп атап өтті ол.

№Z-4 ЖМҚС-та отын қабылдауды көрсете отырып, Астана және Павлодар облысы бойынша филиалдың бас менеджері Жанат Шахманов станцияларда мемлекеттік стандарттар мен регламенттерде көзделген барлық рәсімдерді басшы - ЖМҚС мастері өткізетінін айтты. Соның ішінде әрбір автоцистернадан арбитраждық сынаманы іріктеуден өткізеді. Сондай-ақ, мастер алынған сынамалардың температурасы мен тығыздылығын, механикалық қоспалар мен судың болуын тексереді.

Сапаның толассыз бақылау жүйесінің жұмысы туралы айта отырып, Ғазиз Қошанов былай мәлімдеді: «Егер мұнай өнімдеріне шағымы болса, кез келген клиенттің Call-орталыққа хабарласып, отын немесе қызмет көрсету сапасының ұнамайтыны туралы айтуға мүмкіндігі бар. Біздің қызметкерлер дер кезінде шара қабылдайды. Егер мәселе отын сапасына байланысты болса, наразалығы болған клиентпен бірге сынама алынып, біздің зертханадан толық талдаудан өтеді немесе клиент үлгіні басқа зертханаға жібере алады, кейін қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз».

Оның айтуы бойынша, шағымдар саны азайып келеді: «Жылына отын сапасына 40-45 шағым түседі - бұл біз сататын көлемнің 0,1-0,2%. Ағымдағы сәтте бізде сапасыз өнім сату жағдайдары болған емес», - деді ол.

« ҚазМұнайГаз Өнімдері» Қазақстанның аумағында - 321 жанармай құю бекеттерін қамтитын тармақты желінің операторы .