ҚМГ-ның биылғы жинақталған табысы 433 миллиард теңгені құрамақ

АСТАНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - «ҚазМұнайГаз» компаниясының жинақталған таза пайдасы алдын ала мәлімет бойынша 2012 жылмен салыстырғанда 17 пайызға өсіп, биылғы жылы 433 миллиарард теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты барысында таратылған мәліметте хабарланды.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереевтің сөзіне қарағанда, компания мұнай мен газ өндіру көлемін 2013 жылғы 22,6 миллион тоннадан, 2022 жылға қарай бұл көрсеткішті 35 миллион тоннаға дейін арттыруды көздеп отыр.