Мәліметке сай, қазіргі уақытта «Өзенмұнайгаз» АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытындылар шығарылып жатыр.
Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және т.б. қызметтерді одан әрі тексере түседі.
Одан бөлек, алдағы екі аптаға жауапты мамандарды тарта отырып, мердігер ұйымдардың еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарына инспекция жүргізу жоспарланған.