«АИ-92 бензиніне жеңілдік акциясы уақытша сипатта болды, ол Наурыз мерекесіне орай белгіленді. Біз әр клиентті құрметтейміз және сондықтан да алдын ала тұтынушыларға нарықтық бәсекелестік жағдайында бағаны көтеретініміз туралы хабарлаймыз. Клиенттер бұл шешімге түсінікпен қарап, «ҚазМұнайГаз өнімдері» ЖҚБ желісінің тұтынушысы болып қала береді деп үміттенеміз», - деп мәлімдеді «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директорының маркетинг бойынша орынбасары Олег Иванов.
Еске салсақ, 14 наурыздан бастап «ҚазМұнайГаз» жанармай құю бекеттерінде АИ-92 бензинінің бағасы 7 теңгеге төмендеді. Бір ай бойы компания клиенттері бензин литрін 118 теңгеден сатып алып жүрді.