КО Мемлекет басшылары Мәскеуде еуразиялық экономикалық интеграцияны кеңейту перспективаларын талқылайды
Кремльдің баспасөз қызметінен хабарлағандай, алдағы саммит КО және ЕЭК мемлекеттері астаналарында ағымдағы жылы «үштік» форматында жоспарланған үш саммиттің ішіндегі қорытынды кездесу болып табылады (президенттердің алғашқы кездесуі осы жылдың 29 мамырында Астанада, екінші кездесу - 24 қазанда Минскіде өткен). Отырысқа қатысуға Армения және Қырғызстан президенттері, сондай-ақ, Украина Премьер-Министрі шақырылған.
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы келісімді әзірлеу саммиттің басты тақырыбы болмақ. Президенттер құжаттың бірінші - институционалдық бөлімі бойынша сарапшылар жұмысын қарастырып, бекітпек. Онда одақ қызметінің халықаралық-құқықтық мәртебесі, мақсаты мен тетіктері белгіленген, оның негізгі қағидасы «үштік» экономикаларын жақындастыру, олардың үйлесімді дамуы және бәсекеге қабілеттілікті нығайту үшін өзара тиімді негіздегі ынтымақтастық болып табылады.
Келісімнің функционалды бөлігін келісу басталды. Онда тауарлар, қызмет көрсетулер, капиталдар және еңбек ресурстарының еркін қозғалуы мәселелері бойынша негізгі нақты міндеттер көрсетілген. ЕЭК 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істей бастауы үшін келісімге 2014 жылдың мамыр айынан кешіктірмей қол қойып, ұлттық парламенттерге бекітуге ұсыну жоспарлануда.
Мемлекет басшылары, еуразиялық экономикалық интеграция үдерісіне қатысушылар құрамын кеңейту перспективасын қарастырады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, бұл үдеріске Армения мен Қырғызстанның қосылуы да қаралады.
Саммиттің күн тәртібінде басқа да бірқатар маңызды шешімдерді, соның ішінде монополияға қарсы саясат және адал бәсекені қорғау саласындағы шешімдерді қабылдау жоспарланған. Осы саладағы КО мүше-елдердің трансшекаралық нарығын реттеу уәкілеттіктері ЕЭК-қа тапсырылады, ЕурАзЭҚ соты шеңберінде ортақ бәсеке ережелерін бұзу туралы істерді қарастыру үшін арнайы сот құрамы құрылуда.
Сондай-ақ, 2014 жылға арналған ЕЭК бюджетінің жобасы ЖЕЭК мүшелерінің бекітуіне ұсынылатын болады.