Қобда ауданы жер қатынастары бөлімінің бастығы парамен ұсталды - Ақтөбе облысы

None
АҚТӨБЕ. 28 наурыз. ҚазАқпарат - Ақтөбелік қаржы полициясының қызметкерлері Қобда ауданы жер қатынастары бөлімінің бастығын парамен ұстады.

Бүгін брифингте ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Дармышева хабарлағандай, Қобда кентінің ортасында пластик цехын салуға жер учаскесін бөлу жөнінде оң шешім шығару үшін мемлекеттік қызметші 300 мың теңге көлемінде пара алған.

Ақша Ақтөбе қаласында делдал арқылы берілген. 1 наурыз күні кәсіпкер делдалға соманың жартысын, 11 наурызда қалған бөлігін берген. Сол 11 наурыз күні жер қатынастары бөлімінің бастығы таңба салынған ақшаны алу үстінде ұсталды.

Сот санкциясымен шенеунік абақтыға тоғытылды. Қылмыстық іс тергелуде.