Құндыздардың тиімді саны төрт мыңды құрайды, алайда олардың популяциясы өңірде күрт өсіп кеткен және бүгінгі таңда алты мыңнан асып отыр.
Құндыздар ағаштарды бүлдіруде, сондай-ақ өзендерді бөгеттермен қоршап тастайтындықтан ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалуда.
Бұл ретте, ғалымдар құндыздар Қазақстан мен Монғолияның қоршаған ортасына пайда әкеле алатынына сенімді және оларды «жер аударуды» ұсынуда. «Кішкентай өзендердің тартылуы кезінде құндыздар бөгеттер салады, сөйтіп су ағынын жартылай тоқтатады», - дейді Бүкілресейлік аң аулау және аң өсіру шаруашылығы ҒЗИ қызметкері Александр Савельев.