Кофе бетіне «сурет салатын» кофемашина сатылымға шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдік SteamCC компаниясы кофе көбігінде кез келген сурет салып, жазуды жаза алатын Ripples кофемашинасын паш етті, деп хабарлады БЕЛТА.

Ыдыста сурет пен жазба пайда болуы үшін кофемашинаға смартфон арқылы қосылып, арнайы мобильдік қосымша арқылы ұнаған суретті таңдап, оны шығаруға жіберу қажет. Иллюстрация 10 секунд ішінде кофе дәндерінің ұнтағы көмегімен енгізіледі. Сондай-ақ машина иелерінде галереядағы суреттерді түзеп, өзінікін қосу мүмкіндігі болады.

Компания мұндай техниканы қыркүйек айынан саудаға шығаруды жоспарлап отыр. Ripples кофемашинасының алдын ала болжанған бағасы - $999. Сонымен бірге, жабдық иесі әр ай сайын тиісті қызметтерге қол жеткізу үшін $75 төлеуі тиіс. Ресми мобильді қосымша тегін болмақ.