Бұндай пікірге олар адамдарды екі топқа бөліп тәжірибе жүргізу барысында келді. Бірінші топ күнде кофеині бар кофе ішсе, екінші топқа кофеинсіз кофе берілді.
Зерттеу барысында тәжірибеге қатысушылар өздерінің жағдайлары мен көңіл күйлері жайлы күнделікті хабарлап отырды. Тәжірибе барысында анықталғандай, бірінші топтағы адамдар екінші топқа қарағанда анағұрлым бақытты болды. Өмірге оптимистік көзқараспен қарап, жан-жағында болып жатқан оқиғалардың жағымды жағын байқай білді.