Кофеині бар кофе қан тамырлардың тиімді жұмыс істеуіне көмектеседі

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Жүрек аурулары дәрігерлері күтпеген қорытынды шығарды: кофеин қан ағуын жақсартуы мүмкін, деп жазады meddaily.ru. 27 дені сау адамға жасалған зерттеу алғаш рет кофеині бар бір шыныаяқ кофенің саусақтардағы қан ағымын айтарлықтай күшейтетінін көрсетті.

Осылайша, бір шыныаяқ кофеден кейін адамдарда әрі қарайғы 75 минут ішінде қан ағымы 30%-ға жақсарғаны байқалған. Кофеинсіз кофе ешқандай әсер бермеген.

Рюкю Университеті зерттеушілерінің сөзіне қарағанда, зерттеуге үнемі кофе ішпейтін адамдар қатысты. Олардың барлығы 22 жастан 30 жасқа дейінгі адамдар болған. Зерттеудің бір күнінде әр қатысушы кофеинсіз кофе ішеді. Сосын кофенің басқа түрімен экспериментті қайталаған.