Қоғам белсендісі партия қатарына қабылданды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек көптен бері партия мүшесі болуды армандап жүрген ақтаулық қоғам белсендісі Баян Жалмағанбетованы арнайы қабылдап, оған партиялық билетін салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия ақпаратына сәйкес, Баян Жалмағанбетова еліміздемүмкіндігі шектеулі жандардың мүддесін қорғап, әлеуметтік желілер мен басқа даалаңдарда осы мәселені жиі көтеріп жүрген белсенділердің бірі. Өзі де тағдырдыңсынағына тап болғанымен, оған еш мойымай, алға ұмтылып, игі істерімен танылыпкеледі. Алдағы уақытта осы бағыттағы бастамаларын «Nur Otan» партиясыменбірлесіп жүзеге асыруды мақсат тұтқан ол партия мүшесі болуды көптен берікөздеп жүрген. Сондықтан да өткен жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Бәйтерек»монументі маңында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпенкездейсоқ кездесіп қалған кезде бірден осы ойын жеткізген. Сол кезде партияТөрағасының Бірінші орынбасары алдағы уақытта арнайы кездесіп, партияғасалтанатты түрде қабылдайтынын айтқан еді.

«Сол кездеберген уәдемізге байланысты бүгін уақыт бөліп, өзіңізбен арнайы кездесіпотырмыз. «Nur Otan» партиясы осыдан 20 жыл бұрын Қазақстан РеспубликасыныңТұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев құрған еліміздегіжетекші саяси күш. Сол уақыттан бері партия халқымыздың бірлігі мен еліргесінің беріктігін қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан қатарымызға өзіңізсияқты еліміздің ертеңіне бей-жай қарамайтын, нағыз патриот азаматтардықабылдаймыз», – дегенБауыржан Байбек қазіргі таңда партия жұмысын қайта жандандыру ісі қарқындыжүргізіліп жатқанын және алдағы уақыттағы бағыт-бағдарын тілге тиек етті.

Сонымен қатар ол өмірде түрлі қиындықтар мен сынақтардың болатынын,ондай кезде адам сағы сынбай, алдына нақты мақсаттар қойып, соған талпыну қажетекенін айтып, Баян Жалмағанбетованың белсенділігі барша қазақстандықтарға үлгіекенін жеткізді.

«Біздіңпартия қиындықтарға қарамастан жолдан жаңылмай, арман-мақсатына жету жолындааянбай еңбек етіп келе жатқан сіз сияқты азаматтарды қолдайды. Бұл – партияТөрағасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан біз сіздің қатарымызға қосылып,партия мүшесі атануыңызды зор қуанышпен қабылдаймыз. Соған байланысты бүгінөзіңізді арнайы қабылдап, партиялық билетіңізді салтанатты жағдайда тапсырудыұйғардық», – деді БауыржанБайбек.

Өз кезегінде Баян Жалмағанбетова партия Төрағасының Біріншіорынбасарына жеке қабылдап, зор қошемет көрсеткені үшін шексіз алғысынбілдіріп, «Nur Otan» партиясының мүшесі атанғанына ерекше қуанышты екенінжеткізді.

«Бұл меніңкөптен бері ойлап жүрген арманым болатын. Өйткені Елбасы партиясының әлеуметтікбағыттағы бастамаларды табысты жүзеге асырып келе жатқанын және мүмкіндігішектеулі жандарды қолдауға арналған «Кедергісіз келешек» жобасының бар екенінжақсы білемін. Сондықтан өзім осы партияның мүшесі болып, еліміздегі мүмкіндігішектеулі азаматтардың жағдайын жақсартуға партиямен бірге өз үлесімді қоссамдеймін», – дедіБ.Жалмағанбетова.

Сондай-ақ,ол кездесуде өзінің ұсыныстарына тоқталып, келешекте мүмкіндігі шектеулібалаларды оңалту, оқыту және психологиялық қолдау көрсету орталығын ашқысыкелетінін айтты.

Айта кетейік, Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан НазарбаевҚазақстан халқына арнаған Жолдауларының бірінде «Nur Otan» партиясынаеліміздегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру сапасын арттыружұмыстарын қолға алуды тапсырған болатын. Соның барысында кедергісіз ортақалыптастырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуынажағдай жасау мәселесіне ерекше басымдық берді. Осыған орай партия 2014 жылданбері «Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асырып келеді. Жоба аясында аталғаназаматтарды жұмыспен қамту, олардың қоғамдық және әлеуметтік өмірге белсендіараласуына жағдай жасау, инклюзивті білім алу ісін дамыту, құқықтарыныңқорғалуын қамтамасыз ету және тағы да басқа өзекті мәселелер оң шешімін тауыпкеледі.

Сонымен қатар,қабылдау барысында осы салада белсенді еңбек етіп жүрген азамат ЖәнібекОрынбасаровқа да партиялық билеті салтанатты түрде тапсырылды.



Соңғы жаңалықтар