Қоғам қайраткері құрметіндегі турнир
09:09, 28 Мамыр 2009
ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қазалы қалалық спорт мектебінде жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен республикалық турнир өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы жылы төртінші мәрте өткізілген жарыс қоғам қайраткері Елеу Көшербаевтың туғанына 80 жыл толуына орайластырылды. Дәстүрлі турнирде облыс балуандарымен бірге еліміздің өзге өңірлерінен келген спортшылар бақ сынады.
Ашылу рәсімінде аудан әкімі Айтбай Көшербай, даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов, облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Садық Мұстафаев көпшілік алдында өз лебіздерін білдірді. Екі күнге созылған жарыста Нұржан Сәтмағанбетов, Мұхаммед Бегімов, Олжас Сүлейменов, басқа да спортшылар өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды.
Жарыс аясында түрлі сайыстарда топ жарып жүрген қазалылық Самалбек Нысанбаев пен Есенгелді Жалғасбаевқа «Спорт шебері» куәлігі мен төсбелгісі табыс етілді.