«Экзит пул нәтижесі жарияланды. Нәтижесі болжанғандай шықты. Nur Otan бірінші орында, шамамен 71% дауыс алды, екінші орындағы «Ақ жолда» 10 пайыз, үшінші орында ҚХП-да - 9%. Үш партияның электораты үміткерлеріне Парламенттен күткендегідей орын әперді. «Ауыл» мен «Adal» қажетті дауыс жинай алмады, алайда олардың жағдайы жаман емес, Олар алдағы сайлауда қателіктерін жою үшін жұмыс істеуі қажет», - деді саясаттанушы.
Әділ Каукенов қазақстандық сайлаушылар дәстүрлі түрде тұрақтылық пен эволюциялық даму жолын таңдады деген қорытынды жасады.