Қоғамдық жұмысқа тарту сот үкімінсіз жүзеге асырылады - Мәжіліс депутаты

Жыл соңына қарай айыптыларды қоғамдық жұмысқа мәжбүрлеп тарту шарасын соттың үкімінсіз іске асыру мүмкіндігі қаралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: ҚазАқпарат

«Қоғамдық жұмысқа тартуды тек бір бап бойынша ғана емес, басқа баптар бойынша да норма енгізу қажет. Конституция бойынша мәжбүрлі еңбекке тарту тек сот үкімімен ғана жүзеге асырылатын. Яғни бұл қылмыстық іс деп саналады. Біз оған өзгерістер енгізіп, әкімшілікке баяндамалар жаздық. Бізді қолдады. Бүгінде Әділет министрлігі жұмыс істеп жатыр, жаңа кодекс қазір барлық өзгерістермен Мәжіліске жетті», - деді Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде өткен отырыста.

Оның айтуынша, жыл соңына қарай аталған кодекс Мәжілісте қаралып, қоғамдық жұмысқа тарту мәселесі бірыңғайланады.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отбасына зорлық-зомбылық көрсететіндердің және масылдардың тізілімін (реестр) жасауды ұсынған еді.