ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында қатерлі індетпен күрес бағытында қоғамдық бақылау тобының мүшелері сол мақсатта жүзеге асқан жұмысты үйлестіре білді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ққоғамдық бақылау тобының жетекшісі Ольга Чебаковаосылай мәлім етті.
Оның айтуынша, бұл жоба Денсаулық сақтау министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің біріккен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты. Топ мүшелері денсаулық сақтау, ішкі саясат басқармалары, әкімдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тығыз
байланыста қызмет атқарды. Барлық бақылаулар өңірлік үйлестірушіге берілді және әлеуметтік желілерде жарияланды.
«Шілде айынан бастап біздің топ гуманитарлық көмекті тиісті орындарға жеткізу ісіне белсене қатысты. Оны тіркеп, әлеуметтік желілерде жариялады. Ауруханаларға мониторинг жүргізіліп, тексеру актілері толтырылды. Апта сайын онлайн-режимде өңірлік үйлестірушілер арасында түрлі кездесу өткізіліп, барлық мәселе талқыланды. Қоғамдық бақылау алдына қойылған міндеттерді іске асыру кезінде проблемамен бетпе-бет келген жағдайда барлық мәселелер орталыққа, тікелей министрліктерге жолданды», - деді топ жетекшісі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.