12:31, 13 Наурыз 2009
Қоғамдық бірлестік елордалықтардың да құқығын қорғайды
АСТАНА. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін Халықаралық баспасөз орталығында «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің елордалық бөлімшесінің таныстырылымы өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Аталмыш филиалдың төрағасы Сәдуақат Аңсатов Астаналық бөлімше өткен жылғы қарашаның 30-ында қалалық Әділет департаментінде тіркелгендігін жеткізді. Оның айтуынша, қоғамдық бірлестік азаматтық қоғамды дамытуға атсалысып, отандастырымыздың құқығын қорғау және түрлі жанжалдарда бітімгершілік қызметтерін атқармақ. «Республика бойынша біздің 10 бөлімшеміз бар. Қазір біз республикалық деңгейде қызмет көрсетуді бастадық. Әрбір адам өз құқығын қорғай білуі тиіс. Ал бұл ретте біздің қоғамдық бірлестік қолынан келген жәрдемді аямайды», - деп атап өтті С.Аңсатов.