«Қазақстан азаматы ретінде еліміздің қоғамдық бірлестіктерін шет елдерден қаржыландыруына қарсымын. Мен түсінемін, өткен ғасырдың 90-шы жылдарында қаржы болмады, қиын кезеңдерге тап болдық. Ал бүгін біз кедей мемлекет емеспіз, дәулетіміз артты. Осы орайда қазіргі кезде біздің үкіметтік емес ұйымдарға қажетті көлемді қаржы бөлуге қауқарлымыз. Жай әншейіннен ешкім ақша бермейді. Сондықтан, бүгінде елдің дәулеті артқан кезде, ҮЕҰ-ларға қажетті қаржы біздің мемлекет үшін еш ауыртпалық түсірмейді. Бұл бағытта көптеген адам еңбекпен қамтылады»,-деді альянстың президенті»,-деді Н. Ерімбетов. Айта кетейік, жақын арада Қазақстанның Азаматтық альянсы Парламенттің қарауына «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізбек. Онда ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру және мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен үкіметтік ұйымдар үшін сыйақы тетіктерін енгізу жоспарлануда.
19:01, 16 Қыркүйек 2014
Қоғамдық бірлестіктердің шет елдерден қаржылануына қарсымын - Н. Ерімбетов
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Нұрлан Ерімбетов шетелдік елшіліктерден үкіметтік емес ұйымдардың қаржы сұрағаны дұрыс емес екендігін мәлім етті.