Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: гепатитті қалай жұқтырмауға болады?

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гепатит қандай ауыру, оның симптомдары қандай, онымен қалай күресуге болады. ҚазАқпарат осы мәселеге байланысты Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметтерін ұсынады.

Вирустық гепатит – бұл A, B, C, D және E вирустық гепатиттіңбіреуін тудыратын бауыр қабынуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Бұл вирустартүрлі жолмен беріледі:

А және Е гепатиті – вируспен ластанғаназық-түлік пен су арқылы, сондай-ақ тұрмыстық байланыс кезінде адамнан адамғажұғады;

В және С гепатиті – жұқтырылған қан арқылы,жыныстық қатынас кезінде және жүктілік кезінде анадан балаға жұғады;

D гепатиті – бұл вирус жекеше адамғажұқпайды, ол тек В гепатиті болған кезде дамиды.

Аталған барлық вирустар жіті гепатитті тудырады, оныңсалдарынан тәбет жоғалады, дене қызуы көтеріліп, терінің сарғаюы және шелдіңпайда болуы сияқты белгілер дами бастайды.

В және С гепатиттері созылмалы түрге ауысып, бауыр циррозымен обырына әкелуі мүмкін.

Гепатит инфекциялары бүкіл әлемде таралған. Созылмалыинфекциялар 57% жағдайда бауыр циррозынажәне 78% жағдайда бастапқы бауыр обырына әкеледі.

Қазақстандағы сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасыныңталдауы, А және В жіті вирустық гепатиттеріне қарсы жоспарлы иммундаудыңнәтижесінде, соңғы 20 жылда жіті вирустық гепатиттермен сырқаттанудың тұрақтытөмендеуі байқалатынын көрсетті.

Жыл сайын республика бойынша жіті вирустық гепатиттіңшамамен 1000 жағдайы және созылмалы вирустық гепатиттің 5000 – 6000 жағдайытіркеледі. Сырқаттанушылық республиканың барлық өңірлерінде тіркелген.

Гепатиттіжұқтырмау үшін, келесі қағидаларды сақтау қажет:

А және В гепатитіне қарсы вакцинация алу қажет. Сапалы тазасу ішіп, көкөністер мен жеміс-жидектерді мұқият жуып, термиялық өңдеуден өткізуқажет. Осылай В гепатитін жұқтырмауға болады.

Микроскопиялық мөлшерде қан ұстарада, тіс щеткасында, тырнақалатын қайшыда қалып кетуі мүмкін. Бұл заттарды бөгде адамдарға беругеболмайды. Стерильденбеген құралдармен пирсинг және татуировка жасатпаған жөн.Жыныстық қатынас кезінде сақтану шараларын қабылдау қажет.

А және Егепатитінің инфекциясын қауіпсіз азық-түлікпен, зарарсызданған суменқамтамасыз ету және жұқтырылған адамнан оқшаулану арқылы болдырмауға болады;

А, В және Егепатитін – халыққа вакцинация жүргізу арқылы;

В және Сгепатитін – донорлық қанды тексеру, стерильдік инъекциялық жабдықпенжарақтану және инфекциялық бақылау арқылы қамтамасыз етуге болады.

Жыл сайын, 28 шілдеде әлемнің көптегенелдерінде, соның ішінде Қазақстанда халыққа гепатит түрлерінің қаупі туралыақпарат беруді арттыруға және азаматтарды диагностика, вакцинация сияқтыпрофилактикалық шаралар қабылдауға тартуға бағытталған Дүниежүзілік гепатитпенкүрес күні атап өтілетінін еске саламыз.