Қоғамдық кеңес - бұл аймақтың даму мәселелерін талқылауға арналған алаң - Н. Абт

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жуырда құрылған Қоғамдық кеңес жұмыс істей бастады.

Оған 30 адам кірді. Соның ішінде  түрлі сала өкілдері, қоғам қызметкерлері, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер бар. Қоғамдық кеңес бірінші отырысында міндеттерін орындау бойынша қала әкімінің есебін тыңдады, келесі отырыс 2015 жылы бюджеттің атқарылуына арналды.

«Қоғамдық кеңес - бұл қаланың даму мәселелерін талқылауға арналған алаң. Біздің арамызда заңгерлер, экономистер, кәсіпкерлер, БАҚ өкілі бар. Жалпы, әрбірі - өз ісінің маманы, - деп атап өтті Қоғамдық кеңесте бюджет, экономика, қаржы және бизнес мәселелері бойынша комиссияны басқарған Қарағанды облысы кәсіпкерлері қауымдастығының президенті Николай Абт. - Белсенді болсақ, Қоғамдық кеңес қала өміріне әсер ете алады».

Оның пайымынша, қоғамдық органға бюджет қаражатының жұмсалмауы үлкен жетістік.  

Еске сала кетейік, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында республикада қоғамдық кеңестер  құрылды.