Қоғамдық кеңес мүшелері Қапшағай қаласы мен Өтеген Батыр кентіндегі УҚА-да болды
абақтыларында болды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Құжақовтың айтуынша, кеңес 2007 жылдан бері жұмыс істеп, полиция мен тұрғындарды байланыстыратын қосымша көпір болып келеді. Кеңес мүшелері облыс тұрғындарының полицейлер әрекетіне шағымдары мен жүгінулерін қарастырумен айналысады. Осы жолы кезекті отырыста аудандық полиция бөлімшелерінің қызметін тексеру бойынша көшпелі отырысты ұйымдастыру шешімі қабылданды.
Жұмыс сапарының барысында кеңес мүшелері уақытша қамау абақтыларын қарап шығып, тергеудегі азаматтарға уақытша қамау абақтысының қызметкерлері тарапынан ұстау режимін бұзу, заңсыз әрекеттері және т.б. бойынша сұрақтар қойды.
«Тергеудегі адамдар отырған камералар әрине, шипажай талаптарынан алыс, бірақ қандай да бір қылмыста күдікті азаматтарды ұстау бойынша халықаралық стандарттарға сай келеді. Біз қамаудағы адамдарды сұрастырып өтіп, қандай да бір маңызды шағымдарын, қамау режиміне наразылықтарын естіген жоқпыз. Иә, шағымдар мен өтініштер болды, мысалы, көбі тергеу жұмыстарын қадағалауды өтінді», - деп түсінік берді кеңес мүшесі Антон Хатеновский.
Қазіргі уақытта жұмыс сапары қорытындыланып жатыр, соңында ІІД басшылығына ұсыныстар енгізіледі.