Министр қоғамдық кеңестердің жұмысы министрлікпен үнемі талданып және қоғам белсенділерімен талқыланатынын, ал нәтижелері мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының алаңдарында жарияланатынын атап өтті.
«Қоғамдық кеңестер жұмысының нәтижесі ретінде азаматтық қоғамның пікірін білдіру мақсатында нақты институт құрылды. Қоғамдық кеңестер «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қалыптастырудың маңызды буынына айналды», - деді ол.
Сонымен қатар, министр жыл басында енгізілген Қоғамдық кеңестер қызметі бойынша заңнамалық өзгерістердің арқасында Қоғамдық кеңес жұмысының тиімділігін арттыру ісінде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілгендігін атап өтті.
Аида Балаева қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру және үйлестіру бойынша министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмысқа, оның ішінде заңға тәуелді актілерге, заңнаманың негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған әдістемелік семинар-тренингтер туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Министр кездесу барысында қоғамдық кеңестер өз өкілеттіктерін толық көлемде орындамайтынына назар аударды.
Өз кезегінде Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері қоғамдық кеңестердің өкілеттіктерін кеңейту бойынша заңнамалық түзетулердің іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын, кейбір жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмыстағы қиындықтар туралы айтып берді.
Бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелерімен кездескенін жазған болатынбыз.