«Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері күн сайын билетсіз жолаушыларды анықтау бойынша рейдтер жүргізеді. Өздеріңіз білетіндей, кейбір азаматтар көлік жолақысын тек КБД қызметкерлерін көрген кезде ғана төлейді. Мәселен, биыл жыл басталғалы көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері жол жүру ақысын төлеуден жалтарудың 32 252 фактісін анықтады», - дейді CTS (City Transportation Systems) ЖШС-нің баспасөз қызметінен.
Хабарламада айтылғандай бүгінде 2080 жолаушы ҚР ӘҚБтК-нің 622-бабының 2-бөлігі бойынша 12 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік жауапқа тартылды.
«Сәуір айының бірінші күні ғана біздің қызметкерлер полициямен бірге 374 жолаушыны әкімшілік жауапқа тартты», - деп толықтырды аталған ведомстводан.
Осы орайда қалалық қоғамдық көлік қозғалысына жауапты CTS компаниясы елорда жұртынан жол ақысын уақытылы төлеуді сұрайды.
Айта кетейік, елорда автобустарында жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді. Яғни арнайы көлік картасы немесе QR код арқылы.
Бұған дейін аталған ведомство қоғамдық көлік бағасына қатысты хабар таратқан еді.
Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында жолдардың нашар болуына байланысты бірнеше автобус бағытын өзгертті.