Оның сөзіне қарағанда, комиссия сайлауға он мыңға жуық байқаушыларды даярлап, бұл өз кезегінде еліміздің барлық сайлау учаскелерін қамтуға мүмкіндік берді. Осы арқылы комиссия сайлау үдерісінің барысы тұрғысында толық ақпаратты жинақтады.
«Дауыс беру күнінде біздің штаб тәулік бойы жұмыс істеді. Осы орайда бүгінде арыздар мен шағымдар жоқ. Мен бұны ашық айтып отырмын, себебі біз көптеген өңірде жұмыс істеп жатқан әріптестерімізге сенеміз. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып, әріптестеріме алғысымды айтамын. Сайлау өтті, енді саяси бағаны еліміз, қоғам беретін болады. Дегенмен де біз өзіміздің жұмысымызды абыроймен атқардық. Біз үшін бұл маңызды»,-деді Н. Ерімбетов.
Бұл ретте ол республикалық комиссияның мүшелері Қазақстанның барлық өңірлеріне барып, партиялық ұйымдардың өкілдерімен, депутаттыққа кандидаттармен және халықаралық байқаушылармен кездескенін еске салып өтті.
«Менің ойымша, бүгінде елдің патриоттары болып саналатын адамдардың қалың қатары қалыптасты және олар өз істеріне өте адал»,-деді ол.