Қоғамдық комиссияның мыңнан астам байқаушысы ШҚО-дағы дауыс беру барысын бақылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның мыңнан астам байқаушылары Шығыс Қазақстан облысындағы дауыс беру үдерісіне баға берді.

«Шығыс Қазақстан облысында дауыс беру үдерісін жариялау мен мониторингін ҚР Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның 1 005 тәуелсіз байқаушылары қамтамасыз етті.

Бұл ретте 20 наурызда өткен сайлауды тәуелсіз байқаушылар оң бағалап, сайлаудың қорытындысы Қазақстан демократиясының жеңісін кезекті рет көрсеткенін атап өтті», - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша сайлауды бақылау жөніндегі өңірлік жәрдемдесу орталығының жетекшісі Людмила Гейцман.

Оның сөзіне қарағанда, сайлау күнінде тәуелсіз байқаушылар бірде-бір елеулі заң бұзушылықты анықтамағанын атап өтті. Ал сайлауалды насихат барысында барлық саяси партиялар мен кандидаттарға тең мүмкіндік жасалды.

«Сайлау барысында ШҚО-да халықтың дауыс беру белсендігі жоғары болды. Бүгін облыстық сайлау комиссиясы мәлімдеген көрсеткіштерге сәйкес, сайлауға халықтың 82 пайыздан астамы қатысты»,-деді Л. Гейцман.