Бұл туралы бүгін қалалық ішкі істер департаментінде ҚР ішкі істер вице-министрі Амантай Әубәкіровтың қатысуымен өткен 2009 жылдың қорытынды кеңесінде ведомство басшысы Марат Демеуов білдірді.
«Қазіргі уақытта елордадағы қоғамдық қауіпсіздіктің сақталуына 563 адамнан тұратын «консьерж қызметі», 11 жоғары оқу орындарының 352 студентінен құрылған 32 жедел жасақ, 25 полиция бөлімінің жанынан құрылып, ішкі істер органдарының 75 ардагері мүше Қоғамдық кеңес, сондай-ақ мемлекеттік емес күзет қызметінің 305 қызметкері өз үлестерін қосуда», дейді М.Демеуов.
Оның айтуынша, Ішкі істер департаментінің ұсынысымен Астана қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында есепте тұрған 120 жұмыссыз азамат қоғамдық тәртіпті күзетуге тартылған.
«2009 жылдың 12 айында қоғамдық құрылым өкілдерінің қатысуымен 327 қылмыс ашылып, 5 782 адам әр түрлі құқық бұзғандығы үшін ұсталды», деді өз сөзінде департамент басшысы.