Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
ІІМ Баспасөз қызметінің басшысы Нұрділдә Ораздың айтуынша, шараның мақсаты жасөспірімдер жасайтын қылмыстарды ескерту және олардың алдын алу, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктерді, темекі заттарын сатуды, олардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайларынан тыс жерлерде заңды өкілдерсіз болу фактілерін анықтау болып табылады. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тартатын ересек адамдарды анықтау да көзделеді. «Іс-шараны өткізу кезеңінде әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 4 мыңнан астам, оның ішінде қоғамдық орындарда спирт ішімдіктерін ішкені үшін 500-ден астам кәмелетке толмағандар ішкі істер органдарына жеткізілді. Балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін орындамаған 800-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмағандарды қылмыс жасауға тартқаны үшін 7 қылмыстық іс қозғалды», - дейді Н. Ораз.