Қоғамдық Палата бірінші жарты жылдықта көшпелі отырыстар мен екі дөңгелек үстел өткізуді жоспарлап отыр

АСТАНА. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық Палата 2010 жылдың бірінші жарты жылдығында екі көшпелі отырыс өткізуді жоспарлап отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары, Қоғамдық Палатаның жетекшісі Сергей Дьяченконың айтуынша, Алматы қаласында «Ғылым туралы» заң жобасын талқылау мақсатында көшпелі отырыс өтпекші. Сол секілді Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуын заңнамалық қамтамасыз ету мәселесі бойынша көшпелі отырыс өткізу жоспарланған.

Қоғамдық Палата бұдан басқа екі дөңгелек үстел өткізуді көздеп отыр. Атап айтқанда, елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың қызметін бағалау мәселелеріне арналмақ.