Бұл отырыста Мәжілістің жанындағы Қоғамдық Палатаның төртінші парламенттік сессияға арналған іс-шаралар жоспары туралы мәселе қаралды. Соның ішінде Қоғамдық Палата мүшелерінің ұсыныстары мен толықтыруларын аталған жоспарға енгізу жайлы пікір алмасылды.
Сонымен қатар Қоғамдық Палатаның отырысын шақыру және оның күн тәртібін әзірлеу мәселелері қаралды. Осы Палатаның отырысы үстіміздегі жылы қазан айында өткізіледі деп күтілуде. Онда екі заң жобасының күн тәртібіне шығарылатыны қарастырылуда. Атап айтқанда, «Ғылым туралы» және «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» заң жобалары қаралатыны көзделуде.