Қоғамдық Палата табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтарға қатысты заң жобасын талқыға салады

АНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Қазанның 30-ы күні Мәжіліс Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаның отырысы өтеді.

Онда «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыға салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл заң жобасы Қазақстан Президентінің 2003 жылғы  мамырдың 17-дегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын орындау үшін әзірленген.

Заң жобасы табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілеріне қатысты тариф (баға) саясатын жетілдіруге бағытталған.

Заң жобасының негізгі міндеті субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруды ынталандыруға, субъектілердің активтеріне күрделі (инвестициялық) салымдарды ұлғайту үшін жағдайлар жасауға және олардың инвестициялық тартымдылығын көтеруге бағытталған реттеудің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру болып табылады.

Қоғамдық Палатаның отырысына Мәжіліс депутаттарымен қатар Үкімет пен министрліктердің өкілдері және кәсіпкерлік саласы мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері қатысады.

Қоғамдық Палатаның отырысы Қазақ Гуманитарлық-заң университетінде өтеді.