11:18, 15 Маусым 2009
Қоғамдық Палата тұтынушылар құқықтарын қорғау мәселесін талқылайды
АСТАНА. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Маусымның 18-інде ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық Палатаның кезекті отырысы өтетіні жоспарланған.
Күн тәртібіне «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы (екінші оқылым) шығарылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қоғамдық Палатаның күн тәртібіндегі мәселені талқылаудан бұрын Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов сөз сөйлейді деп күтілуде.Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды заңнамалық қамтамасыз ету туралы Қоғамдық Палатаның мүшесі ? «Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасы» қоғамдық қорының президенті Светлана Савченконың ақпараты тыңдалады.«Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы ҚР Индустрия және сауда министрінің орынбасары Еділ Мамытбековтың және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды құқықтық реттеу» деген тақырыпта Қоғамдық Палатаның мүшесі ? Мәжіліс депутаты Айгүл Соловьеваның сөз сөйлейтіні жоспарланған.Пікірталас соңында қорытынды құжат қабылданбақ. Аталған басқосуға Мәжіліс жанындағы Қоғамдық Палатаның мүшелерімен бірге Үкімет пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысады.