Қоғамдық Палатаның кезекті отырысы өтеді
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінгі отырысқа Қоғамдық Палатаның мүшелері, Мәжіліс депутаттары қатысады. Сонымен қатар Үкімет пен бірқатар министрліктің жауапты қызметкерлері, «Райымбек тобы» компаниясының жетекшілері, Қазақстан кәсіпкерлері форумының, саяси партиялардың. ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеу институтының және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының өкілдері шақырылып отыр.
Күн тәртібінде «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқыға салу мәселесі енгізілген.
Заң жобасы табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар субъектілеріне қатысты тариф саясатын жетілдіруге бағытталған.
Сол секілді Қоғамдық Палатаның үшінші сессиясына арналған жұмыс жоспары қаралады.