Қоғамдық палатаның мәртебесін анықтайтын заң жобасын қабылдау қажет ? Палата өкілінің пікірі

АСТАНА. Маусымның 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның нақты мәртебесін анықтап алған жөн. Ол үшін заң жобасын әзірлеп, қабылдау қажет. Бүгін Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Экономика институтының директоры, Палатаның қаржы-экономикалық реформа және аймақтық даму

секциясының өкілі Оразалы Сәбден осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.О. Сәбденнің пайымдауынша, аталған құжатта Қоғамдық палатаны Президент жанындағы орган ретінде немесе Парламент жанынан нақты заңмен белгілеп алу қажет. «Сол кезде ғана біздің жиынымызға барлық партияның өкілдері келіп қатысатын болады», - дейді О.Сәбден.Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.