Қазіргі уақытта қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге 40 мыңнан астам адам қатысады. Құқықтық тәртіпке бағытталған 6 мыңнан астам қоғамдық ұйым тіркелген.
Бүгінгі күні олардың қатысуымен 1,5 мыңға жуық қылмыс ашылды және 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарды ынталандыру үшін жергілікті атқарушы органдар 50 млн. теңгеден астам қаржы бөлді.
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсене қатысқан 2 мыңнан астам марапаттарға ие болды, оның ішінде грамотамен - 165, алғысхатпен - 116, бағалы сыйлықтармен - 40 және 15 млн. теңгеден астам сомада ақшалай сыйақылармен 2 мыңға жуық адам марапатталды.
Қасақана кісі өлтіру қылмысын ашуға ықпал еткен ақпарат үшін 4 адам 50 мың теңге сомаға, тонау, бұзақылық, бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша- 187 азамат 11 млн. 657 мың теңге сомаға, оның ішінде мал ұрлау қылмыстарын ашуға қатыстаны үшін - 78 адам 426 мың теңге сомаға ынталандырылды.
Заңсыз айналымдағы тіркелмеген қаруларды тәркілеп алуға ықпал еткен ақпарат үшін 18 адам 135 мың теңге сомаға марапатталды. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықты анықтауға қатысқан 1,5 мың адам 12 млн. астам теңге сомаға көтермеленді.