Қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстарына халықты кеңінен тарту жоспарланған - Астана қаласы ІІД

қпанның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның ролі» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қорғау іс-шараларына халықты кеңінен тарту мәселелеріне арналған конференцияда қоғамдық сақшылардың бүгінгі қызметі және олардың сан алуан заң бұзу оқиғаларының алдын алу іс-шараларына сіңірген еңбегі талқылануда. Ғылыми мәжілістің негізгі мақсаты - осы орайдағы халықтың белсенділігін арттыру. Іс-шара аясында құқық қорғаушы қызметтерінің көрмесі ұйымдастырылып, патриоттық мазмұндағы шығармалар шырқалды.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті таратқан мәліметке сәйкес, өткен жылы қоғамдық сақшылардың араласуымен елорда бойынша 327 қылмыстық іс ашылып, 5 900 әкімшілік тәртіп бұзушылықтар анықталды. ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Батырлан Есенбайдың айтуынша, бүгінгі таңда қоғамдық сақшыларды ынталандыру және сыйақы беруге әкімдік тарапынан жыл сайын 13 млн. теңге бөлініп отырады. «Алдағы уақытта бұл жұмысқа біз халықты кеңінен тартуды жоспарлап отырмыз», - дейді ол.