Құжатқа сәйкес, Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің бірінің есі дұрыс емес күйде қоғамға қауіпті әрекет жасаған азаматтарды, сонымен қатар, уағдаласушы тараптың аумағында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі бар азаматтарды емдеуден өткізу көзделеді. Сонымен бірге, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде, сондай-ақ науқастың келісімі, егер ол өз ойын еркін білдіруге қабілетсіз болған жағдайда оның заңды өкілінің келісімі алынған адамдарды мәжбүрлеп өткізу үшін емдеуге беру қарастырылады.
Бұл ретте конвенция адамдарды мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін жүгіну тәртібін және беру тәртібін белгілейді.
Конвенция 1997 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында жасалған.
Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жолданады.
ҚазАқпарат, Астана