тәртібі мен шарттарын бекіту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын екі оқылымда талқылап, құжатты қабылдады.
Парламент қабылдаған заңның мақсаты - қазіргі уақытта қызметі заңға қосымша нормативтік құқықтық актілермен реттелетін арнаулы мекемелерде адамдарды ұстаудың негіздері мен тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекіту болып табылады.
Бұл ретте құжат бойынша психикалық аурулардан зардап шегуші адамдарды ауруханаға жатқызудың, сондай-ақ алкоголизмнен, нашақұмарлық пен уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу үшін мамандандырылған мекемеде ұстау негіздері мен тәртібі заңнамалық тұрғыда реттелетін болады.
Бұдан бөлек, ішкі істер органдары арнаулы мекемелерінің, атап айтқанда тергеу изоляторларының, уақытша ұстау изоляторларының, қабылдау-бөлу орындарының, арнаулы қабылдау орнының қызметі реттеледі. Заң арқылы адамдарды арнаулы мекемелерде орналастыру негіздері, ұстау шарттары, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ ондай азаматтарды босату тәртібі белгіленеді. Арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық-санитарлық қамтамасыз ету, бос уақытта ұйымдастыру, оқыту бөлігінде жәрдем көрсету бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілеттіктерін айқындайтын жаңа баптар енгізіледі. Парламентпен қабылданған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.