«Балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, өскелең ұрпақтың денсаулығын күшейту, білім алу үшін жағдай жасау, отбасылық-неке қатынастары саласында заңнаманы жетілдіру, балалар тәрбиесінде жауапкершілікті жетілдіру біздің мемлекеттің және Елбасының әлеуметтік негізделген саясатының басымдықты бағыты болып табылады»,-деді жауапты хатшы.
Осы орайда ол өткен жылы отбасы, ана мен баланы қорғау мәселелеріне байланысты «Мерейлі отбасы» байқауының елімізде өтуі отбасылық құндылықтарды насихаттаудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
Ә. Ғалымованың пайымынша, қоғамның әлеуметтік жауапкершілігі бірінші кезекте өскелең ұрпаққа қатысты болуы керек.