Қоғамның қозғаушы күші ретіндегі жастар әрдайым Елбасының сенімді қолдаушылары болып қала бермек - колледж директоры
Бұл пікірін Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры Александр Гладков білдірді.
Оның айтуынша, Президент 2009 жылғы 12 маусымда Оралға келген сапарында аталмыш білім ордасын аралаған.
«Жастар мәселесін, білім беру мәселесін терең түсінетіндігімен сол кезде мені айрықша таңғалдырды. Осы кездесу кезінде Елбасы білім жүйесін жетілдіру, экономикалық және қоғамдық жүйені модернизациялау қажеттігін баса айтты. Әлемдік стандарттар деңгейінде білім беруге ұмтылуымыз қажеттігін міндеттеді. Әсіресе, экономиканы дамытудағы жұмысшы кадрлардың талассыз рөлін шегеледі. Өзім жұмысшы кадрларын даярлайтын білім ордасының басшысы ретінде Елбасымыздың жастарға үлкен сенім артқанына тәнті болдым. Қоғамның қозғаушы күші ретіндегі жастар әрдайым Нұрсұлтан Әбішұлының сенімді қолдаушылары болып қала бермек», - деді А.Гладков.