Когурё дәуіріндегі алтын мөр рекордтық бағаға сатылды

Фото: Фото: China Guardian Auctions

АСТАНА. KAZINFORM – Гонконгтағы аукционда ежелгі Когурё патшалығының алтын мөрі 1,39 миллион долларға сатылды. Бұл бастапқы бағадан тоғыз есе жоғары әрі тарихи жәдігерлер арасында рекордтық көрсеткіш, деп жазады UzA агенттігі.

Мөрдің биіктігі – 2,8 см, салмағы – 88 грамм. Жылқы пішінінде жасалған. Мәліметтер бойынша, бұл мөр Қытайдың Цзинь әулеті тарапынан Когурё патшалығына дипломатиялық сыйлық ретінде берілген болуы мүмкін. 

Фото: China Guardian Auctions

Бұл мөрдің Когурёмен байланысты алғашқы белгілі мөр ретінде тарихи маңызы бар. Егер ол шынайы болса, Корея мен Қытай арасындағы ежелгі қарым-қатынастар туралы маңызды ақпарат бере алады.

Корей тарихшылары мөрге қатысты терең ғылыми зерттеулер жүргізуді қолдайды. Бірақ мөр кореялық емес жеке коллекционердің қолына түсіп кеткендіктен, бұл мүмкіндіктен айырылды, дейді мамандар.

«Титаниктегі» мыңға жуық жолаушыны құтқарған капитанның сағаты рекордтық бағаға сатылғанын жазған едік.