5 күндік мастер-класс барысында Қазақстанның барлық аумақтарының оториноларингологтарына арналған кохлеарлы имплантация бойынша көрнекі операциялар өткізілетін болады, деп хабарлайды Ұлттық медициналық холдингтің баспасөз қызметі.
Қазақстанда соңғы жылдары балалық шақта құлақта патологиясы бар балалардың саны арта түсті, мұнысы мүгедек болуға және едәуір әлеуметтік-экономикалық проблемаларға әкеп соқтырады. Медико-әлеуметтік сараптау комиссиясының деректеріне жүгінсек, тек Астана мен Ақмола облысында 150-ден астам бала есту қабілетінен айырылып, 500-ден астам ересектер тіркеуге алынып, мүгедектік бойынша жәрдемақы алуда. Республика бойынша осы деректер едәуір арта түседі және шұғыл шешім шығаруды талап етеді. Барша әлем бойынша осы проблемалар, есту кохлеарлық, діңгекті импланттарды, сүйектік Baha аппараттарын ойлап табу және оларды медициналық практикаға енгізуде өз шешімін тапты.
Қазіргі таңда Қазақстанда кохлеарлы имплантанттар Алматы қаласының «Ақсай» Республикалық балалар клиникалық ауруханасында ғана қолданылады. ҚР бойынша шетелдік мамандардың тартылуымен барлығы 70-ке жуық импланттар жасалды. Екі арада барша республика бойынша импланттарға кезекте тұрған балалардың саны 400-ден асып тұр.
Астана қаласында 2010 жылдың шілде айында алдыңғы қатарлы шетелдік клиникаларда оқудан өткен және тиісті сертификаттары бар Ұлттық медициналық холдингтің мамандары алғаш рет кохлеарлы имплантатпен ересек пациентке операция жасады.
Қазақстан Республикасында жасалатын есту қабілетін қалыпқа келтіру операциялардың саны жеткіліксіз және де толық көлемде жасалмайтындығынан, осы заманға сай қажетті жабдығы бар республикалық орталықтарда имплантациялардың санын көбейту қажеттілігі туындады.