«Бұған дейінгі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бітімгершілік контингентті 2018 жылы БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері миссиясына Үндістан Қарулы Күштерінің бітімгершілік батальоны қол астында жолдаған болатын. Яғни, Қазақстан бітімгерлері тек жеке қару-жарағы мен жеке мүліктерін алған болатын», - деп жазылған жауапта.
Ал бұл жолы қазақстандық әскерилер өзімен бірге Қазақстан Туын алып жүреді.
«Қазіргі жолданатын контингент Қазақстан Республикасының өз туының астында дербес, өзінің әскери техникасы, қару-жарағы және қосымша мүлкімен бірге жолданайын деп отыр. Контингент жолдауға Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілікке үлес қосу шеңберіндегі міндеттемелерін орындау шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, біздің әскерилердің бітімгершілік миссияға қатысу барысында қосымша тәжірибе жинайтыны анық», - делінген министр орынбасарының жауабында.