Көк Түріктің ұрпағымын - Қанат Ислам туралы жаңа ролик
Осы жолғы видеода Ислам көк шапан жамылып тұр. Ал оның артында көк аспанға ұшқан қыран мен ел қорғаны болған ата-бабаларымыздың бейнесі шебер үйлестірілген. Қанат жұдырық сермеп, бокс тәсілдеріне кіріскенде арғы жағында әскери шайқастың көріністері шығады. Осылайша, авторлар «Қазақтың» жеңіске деген ұмтылысын сәтті шығарды.
Kanat "QAZAQ" Islam 🥊professional boxer🇰🇿 25-0 (20 KO's) #1wba #3wbo #3ibf #kanatislam @wbcboxing @goldenboyboxing @wbcmoro @rivalboxinggear @boxingnewsonline @nelsonspromotions @boxing_planet @rbrboxing @hboboxing @trboxing
Публикация от Қанат Ислам | Kanat Islam (@kanat_islam_team) Дек 2 2017 в 9:50 PST
Айта кетейік, жақында Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Қанат Ислам (25-0, 20 КО) мен Джон Вера (18-0, 11 КО) арасында жекпе-жек өткізу туралы шешім шығарды. Себебі «Қазақ» WBA рейтингісінде бірінші орында, ал Вера екінші орында тұр. Осы айқастың жеңімпазы бірінші орта салмақтағы WBA Super атағының міндеті үміткері бола алады. Қазіргі кезде аталған титулдың иегері - Эрисланди Лара.