Туризм және сыртқы байланыс басқармасынан хабарлағандай, 19 қазанда курортының құрылысына қатысты қалың көпшілік, қала азаматтары мен тұрғындарының ой-пікірі тыңдалатын болды.
Тыңдалымда тау курорты нысанының техникалық-экономикалық негіздемесінің қоршаған ортаға ықпалы бағаланады. Талқылауға «Almaty Mountain Resorts» ЖШС мен «ГеоДата Плюс» ЖШС өкілдері қатысады.
Жиын таңғы сағат 10-да Алғабас-1 шағын ауданындағы 5-үйде өтеді.
«Almaty Mountain Resorts» ЖШС басшысы Наиль Нұров аталған ақпаратты растады. Қоғамдық тыңдауға кез-келген азамат қатыса алады.
Ол үшін алдын ала 7 708 123-08-71 нөміріне хабарласып жазылу керек.
«Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы ретінде хаттама толтырылады. Оған қос тараптың ұсыныстары, мамандардың пікірі жазылады. Ол пікірлер сосын мемлекеттік сараптамаға жіберіледі. Осыны ескере отырып, курорт кешенін салу керектігі немесе керек еместігі белгілі болады», - дейді Наиль Нұров.
Жобаның құжаттамасы мына жерде жарияланған. Онымен кез-келген азамат таныса алады.