«1 наурыз күні Алматының құтқару қызметіне Көк Жайлау шатқалынан қоңырау шалынды. Белгілі болғандай, бес адамнан (үш қыз және екі жігіт) тұратын топ күндіз тауға шыққан. Серуен кезінде қыздардың біреуі (22 жаста) құлап, табанын ауыртып алады. Ол өздігінен жүре алмай қалған. Құтқарушылар аталған топты өздері көрсеткен геолокация бойынша тез тапты», - деп атап өтті құтқару қызметіндегілер.
Зардап шеккен қызға оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Содан кейін оны құтқару құралдарының көмегімен шатқалдан түсіріп, жедел жәрдем бригадасына жеткізді. Жедел жәрдем зардап шеккен қызды қалалық ауруханаға апарды.
Құтқару қызметінен 1 техника, 5 құтқарушы мен 1 жүргізуші жұмылдырылды.
Авторы: Данияр Дауталиев