«Ислам және Өркениет» газетінің жазуынша, бұл туралы Түрік стандарттары институтының төрағасы Хулуси Шентүрік хабарлаған.
«Кока-кола» фирмасының өкілдері бізге өтінішпен шықты. Олар «халал» сертификатын алғысы келетіндерін айтты. Біз олардан сусындарының формуласын сұрадық, бірақ олар келіспеді. Сондықтан сертификатты беруден бас тарттық, өйткені өнімдерінің формуласы мен құрамы бізге беймәлім. Кім біледі, оның ішінде халал емес ингредиенттер болуы ғажап емес»,-дейді ол.
Дегенмен кейінірек фирма өкілдері Малайзияға барып, сонда «халал» сертификатын алып үлгеріпті.