Қоқыс әкеліп, балмұздақ ал: Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы жаңа форматта өтіп жатыр
ТҮРКІСТАН. KAZINFORM - «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Кентау қаласында сенбіліктер жаңашыл әрі қызықты форматта өтуде.
Фото: Кентау қаласының әкімдігі
Сенбілік жұмыстарына қаладағы 30-ға жуық мекемеден 500-дей қызметкер, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты. Нәтижесінде 12 арнайы техника арқылы 50 тоннаға жуық қоқыс қала аумағынан шығарылды.
Фото: Кентау қаласының әкімдігі
Бұл шара тек сенбілікпен шектелмей, жас ұрпаққа табиғатты аялауды үйрететін жарқын бастама болды. Аулалар күл-қоқыстан тазартылып, жабайы шөптерден арылды. Балалар да бұл іске белсене атсалысты.
Фото: Кентау қаласының әкімдігі
Іс-шараның ең ерекше тұсы – плогинг форматындағы экологиялық акция болды. Балалар мен жастар белсенді түрде қатысып, әрбір әкелген қоқыс үшін балмұздақ алды.
Фото: Кентау қаласының әкімдігі
Айта кетейік, бұдан бұрын Түркістан облысында қоқыс жинаудан жарыс өткенін жазған болатынбыз.
Шымкенттегі М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ түлегі. Еңбек жолын «Ақиқат-Истина» газетінде тілші болып бастады. Кейіннен «Шымкент келбеті», «Оңтүстік Қазақстан» газеті мен «Ernur.kz» сайтында тілші, «Кентау шұғыласы» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. Республикалық «Экспресс К» сайтының Түркістан облысындағы тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Kazinform» агенттігінің Түркістан облысындағы тілшісі қызметін атқаруда.