Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабына (Қоғамдық орындарды ластау) сәйкес, коммуналдық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
— Алғаш рет құқық бұзған жағдайда 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса, 20 АЕК (86 500 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады, — деп түсіндірді министрлік.
Ведомство атап өткендей, қоқысты арнайы контейнерге апарып тастау қомақты айыппұл төлеуден әлдеқайда оңай әрі тиімді.
— Барлық тұрғынды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға, тазалықты сақтауға және қалдықтарды тек арнайы белгіленген орындарға тастауға шақырамыз, — деп ескертті Экология министрлігі.
Бұған дейін қоқысқа тасталған дәрілер табиғатқа қалай әсер ететінін жаздық.